Алматыда өңірлік кәсіпкерлер палаталары жұмысының тиімділігін қалай арттыруға болатыны талқыланды
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымовтың айтуынша, тартымды бизнес-ортаны қалыптастыру бойынша жұмыс бірінші кезекте өңірлік деңгейде жүргізілуі тиіс.
«Қазір кәсіпкерлер палатасы бизнес мәселелерін шешу үшін облыс әкімі мен прокуроры деңгейінде алаң ұсынады. Өңірлік палаталарға келіп түскен барлық өтінімді жедел пысықтап, бизнестің ең түйткілді және жүйелі мәселелерін қорытындылап, оларды осы алаңға шығару маңызды. Бұл жұмыс облыс әкімінің хаттамасына енгізіледі. Келесі кездесуде үш айдан кейін ӨКП директор атқарылған жұмыс және мәселені шешу бойынша қорытындылап, бизнес мәселелерін шешу динамикасын бақылай алады. Қатысу үшін адвокаттар палаталарын, қоғамдық заңгерлер палаталарын тарту қажет, алаңдарда туындайтын барлық маңызды мәселе айтылады»
https://dknews.kz/kz/kazak-tilindegi-makalalar/248368-almatyda-onirlik-kasipkerler-palatalary-zhumysynyn
#РППАлматы
