Медициналық ұйымдарға мәмс жүйесіне қатысуға мүмкіндік бермеген әкімшілік кедергі жойылды – ұлттық палата
Мемлекет кепілдік берген медициналық көмек шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде клиникалардың тегін қызмет көрсетуіне кедергі келтіретін нормаға байланысты бюрократиялық әуре-сарсаң мен артық әкімшілік кедергілерге қатысты ҰКП-ға көп шағым түскен. Жеке секторының көптеген өкілдері — жеке клиникалар, санаторийлер, диализ орталықтары мәселені шешіп беруді сұрады. Айта кетейік, бұл норманы қабылдау кезінде мемлекеттік орган ҰКП-мен келіскен жоқ.
«Бұйрық жобасы ҚР ҰКП қорытындысын алуға түскен кезде бұл тармақ болмаған, сәйкесінше кәсіпкерлік қоғамдастықтың талқылауына жіберілген жоқ. Нормаға реттеушлік әсерді талдау да жүргізілмеді. Ал медициналық ұйымдарды өңірлік перспективалық жоспарға енгізу регламенті болмағандықтан, кейбір өңірлерде медициналық ұйымдар жылдар бойы ӘМСҚ базасына кіре алмады. Бұл оларға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсетуге қатысуға мүмкіндік берер еді. Денсаулық сақтау министрлігінің бізді естіп, норманы алып тастағанына қуаныштымыз», — деді «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры — медициналық қызметтер департаментінің директоры Назгүл Қабдрахманова.
https://atameken.kz/kk/news/47742
.#РППАлматы #БизнесштабАлматы #БизнесвАлматы #рппалматы #бизнесвалматы #бизнесштабалматы